Ерғали Сыздықұлы Жүніспеков (22.03.1936 жыл, Қарағанды қаласында туған) - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1998). Қазақ.

Білімі №4 кәсіптік-техникалық училищенің бұрғылау факультетін (1958) бұрғылау шебері мамандығы бойынша бітірген. Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры жанындағы Театр студиясын (1972) актер мамандығы бойынша бітірген. 1954 жылдан - «Советтік Қарағанды» редакциясының корректоры. 1958 жылдан - Қарағанды геологиялық-түсірім іздеу экспедициясында 4-ші разрядты аға бұрғылаушы жұмысшы. 1959 жылдан бері - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрының әртісі. М. Әуэзовтың «Айман-Шолпан», «Бозторғай», «Абай»; Ш. Айтматовтың «Ана - Жер Ана»; Ә. Әбішевтың «Сәкеннің аманаты», С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер», А. Чеховтың «Шағала» спектакльдерінде ойнайды.

Марапаттары Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1998). ҚР Президенті сыйлығының лауреаты (2006). «Еңбек ардагері» медалі (1984) ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы (2002) марапатталған.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Алдажұманова Рауза Тойбөкқызы (1949 жылы туған), Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ инженер-технологы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:22 наурызда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Қарағанды облыстық драма театры жанындағы театр студиясы түлектері Санат:Орталық Қазақстан газеті қызметкерлері Санат:Қарағанды облыстық драма театры әртістері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақстан Президенті сыйлығының иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО)