Сельский труженик - Осакаров аудандық газеті, 1942 жылдың желтоқсанынан бастап орыс тілінде шығады.

1942-1961 ж. «Колхозная правда», 1962 - 1963 ж. Осакаров аумақтық - өндірістік бірлестігі басқармасының «Сельский труженик» аудан аралық газеті. (Қазақ тілінде «Ауыл еңбеккерлері», 122 нөмірі шықты); 1963 жылдан қазіргі атымен аталады. Газет соғыс жылдары аудан еңбекшілерін Отанның қорғаныс қабілетін арттыруға жұмылдырылды. Соғыстан кейінгі кезенде аудан өмірін жан-жақты көрсетіп отырды. А-3 форматымен аптасына 1 рет шығады. Бас редакторы С . Груничев (2006).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы газеттері Санат:Осакаров ауданы Санат:Орыс тілді газеттер Санат:1942 жылдан шыға бастаған газеттер