Талдысай – Арыс көлі алабындағы өзен.
Географиялық орны Қызылорда облысы Сырдария ауданы жеріндегі өзен.
Бастауы Шолақнұра мекенінің оңтүстігіндегі бұлақтан бастау алып, Бәйтен құдығынан оңтүстікке таман құмға сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Ұзындығы 57 км. Жағасы жайдақ, түбі құмдауытты. Қар және жерасты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жылдың калған айларында суы тартылып қалады. Кішігірім 3 саласы бар. Өзен аңғарында суы тұщы 4 құдық Сапарбек, Талдыбұлақ, Өлең, Байтен) бар. Өзен алабы-маусымдық мал жайылымдығы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) өзендері