Талдыөзек – Тоқырау алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады.

Бастауы Үшқайың, Кектас, Қызыладыр тауларының беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Қошқар тауының солтүстік-шығыс етегіне жетер-жетпестен жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Ұзындығыы 40 км . 3 саласы бар. Көктемгі еріген қар суы және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қал ады. Мал суаруға пайдаланылады, өзен алабы шабындыққа бай.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы