Мкхитар Размикович Манукян - 1973 жылы 20 қыркүйекте Армян КСР Ленинакан қаласында туған. Армян. Әкесі - Манукян Размик. Анасы - Манукян Нора. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2000), жаттықтырушы-оқытушы. Орыс, армян және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1986 жылдан күреспен айналыса бастаған. 2004 жылдан - ҚР Күрес федерациясының грек-рим күресінен жаттықтырушы-нұсқаушысы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1995); Әлем чемпионатының жеңімпазы (1998, 1999); Әлем кубогының күміс жүлдегері (2003); XXVIII Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Афины, 2004). Грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1998). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2004).

Әскери атағы - капитан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жағымды». Хоббиі - автомобильдер. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Манукян Аревик Рубиковна (1983 ж. т.); қыздары - Манукян Нора (2002 ж. т.), Манукян Карине (2005 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1973 жылы туғандар Санат:Қазақстанның Олимпиада қола жүлдегерлері

Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстан балуандары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері