Геннадий Николаевич Балаев )1940 жылы 24 шілдеде Ақтөбе қаласында туған) - актер, Орыс.

Әкесі - Николай Димитриевич Балаев, марқұм, КСРО Халық әртісі. Анасы - Евгения Ивановна Соколова, марқұм, ӨзКСР Халық әртісі.

Самарқан мемлекеттік музыкалық училищені (1961) балалар музыкалық мектебінің оқытушысы, концертмейстер, пианист мамандықтары бойынша; Ташкент мемлекеттік театр және кино институтының Самарқан филиалын (1962) театр және кино актері мамандығы бойынша; Ташкент мемлекеттік консерваториясының фортепиано кпасы бойынша үш курсын бітірген. 1962 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры актері.

«На дне» (Актер), «Пока она умирала» (Игорь), «Танго» (Стомиль), «Тот, кто получает пощечины» (Тот), «Отдам в хорошие руки добрую старую собаку (Воробышек)» (Гриша), «Король Лир» (Герцог Бургундский), «Свадьба Кречинского» (Кречинский), «Кин IV» (Кин) және басқа да рөлдерді спектакльдерде орындайды.

«Мосфильм» киностудиясының «Перекличка» (капитан Лунин), «Чокан Валиханов» (кадеттер корпусының бастығы) кинофильмдерінде, «Қазақфильм» киностудиясының «Шегіртке» телесериалында (Гордей), «Груз 001» фильмде «Толобайки» әзіл-сықақ хабарында рөлдер ойнаған.

Киноактерлер одағының хатшысы (1992).

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. «Ерен еңбегі үшін» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыс хатын алған.

Үйленген. Жұбайы - Балаева-Мелешко Нина Семеновна. Қызы - Наталья (1964 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:24 шілдеде туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Ақтөбеде туғандар Санат:Қазақстан орыстары Санат:Самарқан мемлекеттік музыкалық училищесі түлектері Санат:Ташкент мемлекеттік театр және кино институты түлектері Санат:Ташкент мемлекеттік консерваториясы түлектері Санат:Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры тұлғалары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері