Владимир Яковлевич Угренинов (1.01.1941 жыл, Алматы- 22.09.2016) - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Орыс.
Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1962), күрестен жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ спорт және туризм академиясының Қүрметті профессоры (2001). 1962 жылдан - «Қайрат» ерікті спорт қоғамы орталық және облыстық кеңестерінің аға жаттықтырушысы (Алматы). 1968 жылдан - ҚазКСР ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы. 1992 жылдан - «Қайрат» ЕСҚ орталық кеңесінің төраға орынбасары. 1994 жылдан - Алматы облысы әкімшілігінің Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы. 1999 жылдан бері - Республикалық олимпиадалық даярлық орталығы басқармасының төраға орынбасары.
Қоғамдық жұмыстары Алматы облыстық Спорттық күрес федерациясының ардагерлер ісі жөніндегі бөлім бастығы, вице-президенті. 60-тан астам спорт шеберін, оның ішінде олимпиада чемпионы Ж. Үшкемпіровты тәрбиелеген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан). Ғылыми жұмыстары 100-ден астам мақала мен жарияланым авторы. Марапаттары КСРО спорт шебері (1962). ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1973). КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1980). ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (1994). Алматы облысының Құрметті азаматы (2001). «Қажырлы еңбегі үшін» (1978) «Еңбек ардагері» «Астана» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен марапатталған. Шендері Әскери атағы - отставкадағы капитан. Отбасы Ұлдары - Михаил (1968 ж. т.), Дмитрий (1971 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:22 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:2016 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:КСРО жаттықтырушылары Санат:Қазақстан жаттықтырушылары Санат:Алматы облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақстан орыстары Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессорлары Санат:Күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері