Бауыржан Ересұлы Жантеміров (18 қазан, 1951 жыл, т., Орал облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе кенті) - қаржыгер.

Өмірбаяны Алматы халық шаруашылығы институтының экономикалық-жоспарлау факультетін бітірген (1972), экономист. 1972 жылдан - Орал облысындағы жеміс-көкөніс кеңшары консерві цехының бухгалтер-экономисті. 1973 жылдан- Ақтөбе облыстыққаржы бөліміндегі штаттар бөлімінің тексеруші-инспекторы. 1976 жылдан - Ақтөбе қалалық қаржы бөліміндегі штаттық бөлімінің бастығы. 1980 жылдан - Ақтөбе қалалық халықтық бақылау комитетінің инспекторы. 1991 жылдан - КСРО Зейнетақы қорының Ақтөбе облыстықфилиалы басқармасының орынбасары. 1993 жылдан - Ақтөбе облыстықтұрғын халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тексеру комиссиясының бастығы, басқармасы бастығының орынбасары. 1995 жылдан - Ақтөбе облыстыққаржы бөлімінің бастығы. 2002 жылдан бері - Атырау облыстық Қаржы басқармасының бастығы.

Марапаттары «Астана» (1998) медалі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002) медалі «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі «Ерен еңбегі үшін» (2005) медалі «Астанаға 10 жыл» (2008) медалі. ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген (2001).

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Жантемірова Күнжәмилә Қазиқызы, үй шаруасымен айналысады. Ұлы - Ересов Рақымжан (1974 жылы туған); Қызы - Жантемірова Жанар (1976 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:18 қазанда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Қаратөбе ауданында туғандар Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері