Шідерті – Ертіс-Қарағанды каналы жүйесінде. Ұзындығы - 502 км, су жиналатын алабы - 11,7 мың км2.

Бастауы Қушоқы (689 м) тауының батысынан басталады. Ертіс алабындағы Шығанақ көліне құяды.

Гидрологиясы Молодёжный кенті тұсынан канал суы Шідерті арнасымен ағады. Мұнда шоғырланған бөген су тораптары құрылып, канал бойында 13 бөген салынған (жалпы ауданы - 250 км2, суының көлемі - млрдм3). Ертіс өзенінен қосымша су алады. Суының минералдылығы орташа. Мұзы қазан айының аяғы мен қараша айының басында қата бастайды, сәуір, мамыр айларында түседі.

Сипаты Өсімдігі: қамыс, қоға, құрақ, шалаң. Балығы: талма, мөңке, шортан, торта, аққайран, сазан, табан, ақ амур, дөңмандай, көкшұбар жерсіндірілген. Бөгенінде балық аулау кәсібі ұйымдастырылған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) өзендері Санат:Баянауыл ауданы өзендері Санат:Бұқар жырау ауданы өзендері Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі өзендері Санат:Осакаров ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы