Әмеди Хасенов (1927-1990) - тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1955), профессор (1988).
Өмірбаяны ҚазПИ-ды бітірген (1949). 1952-1957 жылдары Алматы шетел тілдері педагогикалық институтында (казіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, жоғары партия мектебінің оқытушысы, Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылым қызметкері. 1957 жылдан өмірінің аяғына дейін шетел тілдері педогогикалық институтында аға оқытушы, доцент, қазақ және орыс тілдері, қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми-зертеу еңбектері қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жалпы тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Негізгі еңбектері: «Қазақ тіліндегі сан есімдер» (1957) «Жай сөйлемдер және синтаксисті оқытудың кейбір мәселелері» (1957) «Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері (1957) «Пунктуацияны оқыту жолдары» (1957) «Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері» (1985) «Тіл біліміне кіріспе» (1989) «Тіл білімі» (1996) т. б. Оның 8-сыныпқа арналып 1962 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқулығы осы уақытқа дейін оқытылып келеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қазақ тілін зерттеушілер Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқытушылары Санат:Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессорлары