Қырғыштау – Ұлытау тау жүйесінің солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қорғасын ауылының солтүстігіне таман. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 14 км-ге созылып жатыр, ені 3-4 км. Абсолюттік биіктігі 440 м.

Геологиялық құрылымы Төменгі кембрийге дейінгі кезеңнің жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Шығыс және оңтүстік етегінде қорымтастың мол үйінділері бар. Таудың оңтүстік-батыс беткейінен Қараторғай өзені бастау алады.

Өсімдігі Оңтүстіктің сортаңдау қара топырағында жусан, бетеге, боз, бұталар өседі. Жайылымға, қыстауға (Мақат) пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары