Қызыларай – Сарыарқа ұсақ шоқылы тауларының шығысындағы тау тізбектері.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының солтүстігінде, Сарыарқаның Ертіс-Балқаш суайрығында орналасқан. Ұзындығы 70 км, енді жері 50 км. Ең биік жері - Ақсораң тауы (1565 м, Сарыарқа ұсақ шоқылы тауларының ең биік жері).
Геологиялық құрылымы Пермьнің граниттерінен, төменгі пермь, орта тас көмір жыныстарынан түзілген.
Су торабы Қызыларайдан Балқаш алабына жататын Тоқырау өзенінің Қасабай, Қаратал, Жіңішке салалары, Қаршығалы өзенінің Сарыөлең, Қарасу, Ақсай салалары басталады.
Өсімдігі Беткейлерінде қарағай орманы, қызыл қоңыр топырақ жамылғылы тауаралық аңғарларында қайың, көктерек, тал, қараған, ойпаң жерлеріндегі ашық қызыл қоңыр топырақта тобылғы, астык тұқымдасты өр түрлі шөпті шалғын өседі. Қызыларай қарағай өскен Қазақстанның жазық бөлігіндегі, оңтүстіктегі ең аласа тауы. Таудың табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылыңқ әрекеттерге көп ұшырай қоймауы, мұнда алдағы болашақта қорық ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның табиғаты көркем жерлерінің бірі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары