Николай Иванович Наковник (20.05.1895, Верхнедвинск ауданы - 1975, Санкт-Петербург) - геолог-петрограф, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1946), профессор.

Ленинград мемлекеттік университетін бітірген (1930). 1923 жылдан Орталық Қазақстанда жұмыс істеген. М. П. Русаковпен бірге Семізбұғы кен орнын ашты. 1941-45 жылдары Оралдағы колчеданды кен орындарын барлап, Алтай мен Салаирдың пайдалы қазбаларын зерттеді.

80-нен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі ғылыми-зерттеген еңбектері қайтара түзілген кварцит пайдалы қазбаларына арналған.

Еңбек Қызыл Ту ордені «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:КСРО геологтары Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Беларусь мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Геология-минералогия ғылымдарының докторлары Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік университеті түлектері