Қойдасов Қанапия (1895 – 1925) – қоғам қайраткері. Торғайдың 2 кластық училищесін бітірген соң, уездік сотта аудармашы болды. Қойдасовтың саяси көзқарасының қалыптасуына Амангелді Иманов, Әліби Тоқжанұлы Жангелдин әсер етті. 1916 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын ашық жақтаған. Сол үшін тұтқынға алынды. Қазан төңкерісінен кейін Торғайда Кеңес өкіметін орнатуға қатысты. Торғай уездік Төтенше комиссияның төрағасы болды. Азамат соғысы аяқталған соң халық шаруасын қалпына келтіру ісіне араласты.
Санат:Тарих