Иістішөп () – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Жер шарында кең тараған 45-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық аймақтар мен тыңайған жерлерде, тау бөктерлері мен егістік алқаптарында, жол шетінде өсетін 1 түрі – жалғанхиос иістішөбі (Ajuga pseudochia) бар. Оның биіктігі 8 – 30 (37) см. Сабағы тік, жапырақтары үш қалақты (ұзындығы 15 – 30, ені 1,5 – 3 мм). Тостағанша жапырақшалары қоңырау тәрізді, бес тісшелі. Гүлдері қос ерінді, үстіңгі ерні өте қысқа, екі қалақты, төменгісі – ұзын, үш қалақты, ашық сары түсті, жүйкелерінде қошқыл түсті жолақтар мен төменгі ернінде қошқыл дақтары болады. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – ұзынша жаңғақша. Сәндік үшін өсіріледі.Қазақстан Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Еріндігүлділер