Үшқара – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік-шығысындағы тау.

Жер бедері Солтүстіктен-оңтүстікке қарай 5 км-ге созылып жатыр, ені 3 км. Ең биік жері 497 м.

Геологиялық құрылымы Кембрий жүйесі жыныстарынан және элювийлі-делювийлі шөгінділерден түзілген.

Өсімдігі Таудың қызыл қоңыр топырағында көде, жусан, шілік өседі. Осы таудың қойнауында суырыпсалма ақын, композитор Мәди Бәпиұлы дүниеге келген. Кір жуып, кіндік кескен жеріне арнап ол «Үшқара» әнін шығарған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары