Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова (27.04.1966, Алматы облысында туған) - кескіндемеші. Қазақ. Албан тайпасының Қызылбөрік руынан шыққан.
Еңбек жолы Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемөнөр институтының көркемөнер факультетін бітірген (1993), суретші. 200-ден аса кескіндеме туындыларының авторы. Еркін суретші.
Қоғамдық жұмысы ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
Жетістіктері Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты. ҚР Президентінің стипендиаты (1998).
Отбасы Әкесі - Қырғызбаев Көлке Қырғызбайұлы, зоотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Төлегенова Күлбала Төлегенқызы, зейнеткер, мұғалім болып жұмыс істеген. Тұрмыста. Жұбайы - Сембіғали Абзалбекұлы Смағұлов, суретші. Ұлдары - Олжас, Марғұлан.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:27 сәуірде туғандар Санат:1966 жылы туғандар Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері