Темірғали Оразғалиұлы Есембеков (20 қазан 1953 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Сұлушоқ ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1998), професор (2000). Уақ тайпасынан шыққан.

1991–1999 Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, филология факультетінің деканы болды. Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының, 1999–2000 Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болды.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 2000 жылдан ҚазҰУ-дың әдеби шығармалар және көркем аударма теориясы кафедрасының професоры «Қазақ прозасындағы драматизмінің көркемдік-эстетикалық мән-маңызы» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Оның ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты әдебиет теориясы және әдеби ізденістердің методологиясы мәселелеріне арналған. Есембеков 100-ге жуық ғылыми-зертеудің еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:20 қазанда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Мағжан Жұмабаев ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары