Жамбыл Мелдебай (1.10.1953, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылы) - құрылысшы. Қазақ.

Білімі Қаратау гуманитарлық техникалық колледжін (1969) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1984) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1972 жылдан - «Қаратаухимқұрылыс» тресінің ұста-бетоншысы, жұмыстарды атқарушысы, аға жұмыстарды атқарушысы, бөлімше бастығы, бас инженері, құрылыс басқармасының бастығы (Жаңатас қ.). 1984 жылы - Жаңатас қаласындағы «Оңтүстік Шығыс», «Орталық», «Көкжан» кеніштерінің; «ДСК» зауытының, автобазаның құрылыстарына; Тұрғын үйлерді және аурухана, ҚКТУ, нан зауыты, сүт зауыты нысандарын салуға қатысқан. 1988 жылдан - Тұрғындарға тұрмыстық қызмөт көрсету министрлігі Тараз қалалық құрылыс басқармасының бастығы. 2004 жылдан - Астана қаласының бас инженер-қүрылысшысы. 2009 жылдан бері - «Бәйтерек» Астана құрылысшыларының одағы» ЗТБ президенті.

Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» медалі ҚазКСР грамоталарымен марапатталған. ҚР Құрметті құрылысшысы.

Әскери шені Әскери атағы - запастағы матрос.

Отбасы Әкесі - Қалымбетов Мелдебай. Анасы - Қалымбетова Әнекей. Үйленген. Жұбайы - Мелдебай Нағима Жүсіпқызы, үй шаруасымен айналысады. Балалары - Абай, Мұхтар, Сәкен, Ләззат.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1 қазанда туғандар Санат:Сарысу ауданында туғандар Санат:Қаратау гуманитарлық техникалық колледжі түлектері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстанның құрметті құрылысшылары Санат:Қазақстан майорлары Санат:Қазақстан құрылысшылары Санат:Қаратаухимқұрылыс тұлғалары Санат:1953 жылы туғандар