Нұрлан Әскерұлы Ережепов - 1958 жылы 24 қаңтарда Целиноград облысы Атбасар қаласында туған. қазақаласы Хронологиясы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1980) ғалым-агроном мамандығы бойынша; БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін (Мәскеу қаласы, 1985) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылдан - Целиноград облысы Целиноград ауданының «Софиевский» кеңшарының агрономы. 1982 жылдан - Целиноград қаласы облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы. 1983 жылдың қаңтарынан - Целиноград қаласы облыстық комсомол комитеті комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі. 1983 жылдың қыркүйегінен - БЛКЖО ОК жанындағы ЖКМ тыңдаушысы. 1985 жылдың шілдесінен - Целиноград облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы. 1989 жылдан - Целиноград аудандық партия комитеті идеологиялық бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1990 жылдан - Целиноград аудандық Халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары. 1993 жылдан - «Цефар» Ақ коммерциялық бөлімінің бастығы. 1997 жылдан - «Альфа-КТ» ЖШС директоры (Астана қаласы). 1998 жылдың сәуірінен - Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі аппаратының жетекшісі, 1998 жылдың қыркүйегінен - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2000 жылдан - әкім орынбасары. 2002 жылдан - Ақмола облысының әкімі. 2007 жылдың қыркүйегінен бері - Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі. Жетістіктері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар