Шамшәдин Тұрсынұлы Керім (4 сәуір 1962 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылы) – фольклортанушы, дінтанушы, филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2009).
ҚазМУ-ды (1985, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан орталық музейінде (1985–87) кіші ғылыми қызметкер. 1987-1992 ж.ж. Қазақстан ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер; Өзбекстандағы Ғ. Ғұлам атындағы Сырдария мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі; 1994-2001 ж.ж. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шығыс филологиясы кафедрасының доценті, меңгерушісі; 2001 ж. 4 сәуірінен 18 маусымына дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам университетінде ректор; 2001 ж. 18 маусымынан 2018 ж. 9 қыркүйегіне дейін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры; 2018-2024 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, Дінтану кафедрасының профессоры; 2024 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Халықаралық ғылыми зерттеу және инновация орталығының директоры.
Ғылыми жұмыстары
2000 ж. «Қазақ фольклорындағы жұмбақ жанры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады; Әдебиеттану, шығыстану, дінтану, исламтану салалары бойынша 230-дан астам ғылыми еңбектері жарық көрді; 140-тан аса ғылыми конференцияларда (Египет, Түркия, Ресей т.б.) баяндамалар жасаған;
Еңбектері
Қазақ жұмбағы. Монография, 2007 ж. Араб елдері. Оқу құралы, 2008 ж. Араб баспасөзінің тілі. Оқу құралы, 2008 ж. Сығанақ саңлағы. Монография, 2012 ж. Діни білім - дін діңгегі, 2012 ж. Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби- ғұлама ғалым, ақын. Монография, 2017 ж. Сал-серілер поэзиясы/ ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Монография, 2017 ж. Қазақстан исламтануының аса көрнекті өкілдері. Монография, 2018 ж. Тараз тарланы. Монография, 2022 ж.
Марапаттары
"Құрмет" ордені (2017); Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалі (2016); "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі (2016) "Астана 20 жыл" мерекелік медалі (2018); "Мәшһүр Жүсіп атындағы Алтын медаль" (2013);
Санат:4 сәуірде туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Арал ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессорлары Санат:Қазақстан фольклортанушылары Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлері Санат:Халықаралық қазақ-түрік университеті оқытушылары Санат:Сырдария мемлекеттік университеті оқытушылары