Қыстаубаев Захардин (10.9.1948 жылы туған, Түркістан облысы Бөген ауданы Қажымұқан ауылы) - жазушы.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дулат тайпасының Жаныс руынан. ҚазҰУ-ды бітірген (1973). 1967 - 1974 жылдары Бөген, Сайрам ауданы газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1974 - 1977 жылдары облысы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде аудармашы, тілші, хатшының орынбасары, 1977 - 1982 жылдары Төле би ауданы "Путь Илича", Кентау қаласы "Кентау правдасы" - "Кентауская правда" газеттерінде, 1982 - 1987 жылдары "Жалын", "Жазушы" баспаларында қызметкер, 1987 жылдан Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекттік комитетінде редактор, Қазақстан Жоғары Кеңесінде, "Игілікбанкте" қызметкер. "Жеті жарғы" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Бүгінде "Өркениет" баспасы ЖШС-нің директоры. Алғашқы әңгімелері 1969 жылы жариялана бастаған. "Бәйтеректер"(1978), "Жүректегі жүзік" (1987), "Алматының ақ жауыны" (1991), "Сүйріктің махаббаты" (1998) әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрген. Шығармалары: Ақ түн, Алматы, 1972 Бәйтеректер, Алматы, 1977 Жүректегі жүзік, Алматы, 1987 Алматының ақ жауыны, Алматы, 1991 Сүйріктің махаббаты, Алматы, 1998

Дереккөздер

Санат:Қазақстан әдебиеті Санат:Тұлғалар