Тісті рейка - бір жағында тістер тілінген өзек темір. Рөлдік механизмнің рейкасы - басқарылатын доңғалақтардың бұрылыс цапфасымен байланысқан колденең рульдік жетектін міндетін атқаратын және рульдік біліктін тісті дөңгелегінен күшті қабылдайтын тісті рейка. Жанармай сорабының рейкасы - плунжерді бұрган кезде жоғары қысымды сораптан, дизельді қозғауыш цилиндрлерінің форсункаларына берілетін жанармай санын өзгертетін тісті рейка.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Көлік бөлшектері