Жарысу - сынақ нәтижесін анықтайтын жылдамдық негізгі фактор болып есептелетін көлік құралдарының жарысы. Таудағы жарыс Таудағы жарыс – ауыспалық үлесі көп биіктігі бар айналмалы трассадағы жол жарыстары. Жолдағы жарыс Жолдағы жарыс- арнайы спорт құрылыстарының жолдарында немесе жалпы қолданыста болатын жолдарда салынған трассадағы жарыстар; дербес түрінде (айналмалы, тізбекті, таулы жүгіртулер)немесе кешенді жарыстардың құрамында өткізіледі. Лидерге ілесу, алдағыны қуып жарысу Лидерге ілесу, алдағыны қуып жарысу - тректе алдыңғыны куатын (мотоцикл, мотороллер, мопед) велосипед жарыстары. Жеке жарыс Жеке жарыс - әрбір жарысушының тек қана жеке нәтижелері саналатын жарыс. Жеке қуалау жарысы Жеке қуалау жарысы - тректің қарама-қарсы жақтарда басталатын велосипед жарыстары;соңғы айналым басталғанға дейін бақталасын куып жететін немесе дистанцияны тезірек өтетін жарысушы жеңеді. Шығып қалатын жеке жарыс Шығып қалатын жеке жарыс- әрбір айналымда финиш сызбасын соңғы еткен жарысушыньщ шығуымен өткізілетін велосипед жарыстары. Айналма жарыс Айналма жарыс - жарысушылар бірнеше рет өтетін тұйықталған айналмалы трассадағы жол жарыстар. Командалық жарыстар Командалық жарыстар -бұл жарыста әрбір команданың тек қана жалпы нәтижелері саналады. Тізбектік жарыс Тізбектік жарыс - тұйықталмаған трассада өтетін жол жарыстар (қара: слалом, спринт). Уақыттық жарыс Уақыттық жарыс - шоссе, трек, ойлы-қырлы жерде берілген дистанцияны минималды уақытпен өтуді керек ететін велосипед жарыстар. Тандемдегі жарыс Тандемдегі жарыс-тандемдегі уақытқа өткізілетін тректі велосипед жарыстары. Ойлы-қырлы жердегі жарыс Ойлы-қырлы жердегі жарыс - кроссты қара. Гандикаппен жары Гандикаппен жарыс- бір жарысушыларда басқаларға қарағанда форалары (уакыт не дистанцияда артылықшық) бар теңестірумен (гандикаппен) тректе өткізілетін велосипед жарыстары. Трек жарыстары Трек жарыстары - жартылай айналымдардың қосылуымен екі тура тізбектегі бөлімдерден (автомобиль мен мотоциклдарға - ипподром мен стадиондар, велосипедтерге велотректер) жасалған тұйықталған трассада өткізілетін велосипед жарыстары.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт