Радиатор - ауа үрлеу арқылы жылуды ауыстырғыш; ол арқылы өтетін салқындатқыш сұйықтың температурасын түсіруге арналған. Май радиаторы - көлік құралының күштік берілісінің агрегаттарының, козғауыштын майлау жүйесіндегі майларды салқындататын радиатор. Пластиналық радиатор - өзегі бар радиатордың барлық терендігінде жазық гофриланган пластиналардан тұрады, бір-бірімен екі-екіден дәнекерленген, суытылған сұйық кеңістікте таралады, ал ауа эр екі жұп пластиналардың арасынан етеді. Бөліктелген радиатор - бірнеше дербес бөліктерден тұратын өзекті радиатор - бөліктер жеке-жеке жоғарғы және төменгі бошкелерге бекітіледі. Ұялы радиатор - көлденең түтікшеден тұратын өзекті радиатор - түтікшелер арқылы суытылған ауа өтеді, ал олардың арасындағы саңылаулар арқылы суытылған сұйықтық өтеді. Түтікті радиатор - өзекті қозғауыштың суыту жүйеісінің радиаторы - суытатын тіліктері пісіріліп жабыстырылған жазық түтікшелер қатарынан тұрады.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Көлік бөлшектері