Ақши — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Кежек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Нұра өзенінің аңғарында, тау етегінде, аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 69 км-дей жерде орналасқан. Балқаш көліне құятын Тоқырау және Шерубайнұра өзендері осы өңірдегі аты аңызға айналған Қайдауыл-Шерукеден бастау алады. Сондықтан бұл жер «Сарыарқа белі» деп аталады. Тарихи аңыздарға бай жер.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен460 330 237 71,8 176 127 72,2 154 110 71,4
Тарихы Іргесі 1942 жылы Алғабас, Нұра, Сталин ұжымшарларының фермасы болып қаланды. 1975 жылы Шет ауданы Ақши мамаңдаңдырылған шаруашылық бірлестігі, 1979 жылы Ақтоғай ауданы, Ақши шаруашылығы бірлестігі болып құрылды. 1995 жылдан бастап – Ақтоғай ауданы, Кежек ауылдық округі. Жерінің жалпы ауданы — 85,7 мың га.
Шаруашылығы, инфрақұрылымы Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — егін шаруашылығы, қосымша мал өсіру болды. 49 шаруа қожалығы бар. Округте мектеп, кітапхана, клуб, пошта, АТС басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Жарық темір жолы стансасы 150 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері