Рахым Сәрсенбин (5 қаңтар 1891 жыл, қазіргі Алматы облысы Іле ауданы - 2 ақпан 1972 жыл, Алматы) - сән және қолданбалы өнер шебері, педагог, Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі (1958). 1938–1940 жылдары қазіргі КдзҰПУ-да оқыды. Алматы облысының Қарасай ауданындағы кэзақ орта мектебінде мүғалім (1940–1958) болған. Ол көптеген әсем ою-өрнек жасаған. Алматы қаласындағы жазушы-ғалым М.Әуезовтің мұражай-үйінің (1960) қабыргасы мен есік-терезе жактауларын әшекейлеп безендірген. Оның оюөрнек үлгілерін кезінде қалалар мен ауылдардағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы қабырғаларын әшекейлеуге, мата, кілем току фабриқаларында кеңінен пайдаланған. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Тұлғалар