Тұмсықбетті киттер (Ziphiidae) — тісті киттер тұқымдасына жатады.
Дене ұзындығы 5-12,5 м. Тұмсығы ұзын, құстардікіне ұқсас. Демтесігі жарты ай тәрізді. Өңешінде артқа қарай тармақталған 2-4 қарық (жарықша) байқалады. Денесің артқы үштен бірінде арқа жүзу қанаты орналасқан. Үстінгі тістері жетілмеген. Қорегі басаяқты былқылдақденелілер. Ұзақ уакыт (90 мин дейін) су астында үлкен тереңдікте жүзеді.
ТМД-да 4 туыстың 5 түрі таралған. Құстұмсықтылар ТМД-да Командор және Куриль аралдарының жағалауында кездеседі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Тісті киттер