Ыбырай Алтынсарин ескерткіші – Қостанай облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
Орналасқан жері Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі.
Орнатылған кезеңі және авторлары Ескерткіш 1970 жылы Ы. Алтынсариннің ашқан бірінші қазақ мектебінің орнында орнатылған, мүсінші Н.А. Щербаков (Мәскеу қ.), сәулетшілері И.А. Покровский, В.Д. Горчинский.
Ескерткіш сипаты Монументалды мүсіндік композиция қызыл граниттен жасалған және үш бөліктен тұрады: бюст, тұғыр және негіз. Ескерткіштің жалпы биіктігі - 5,2 м. Тұғыр гранит тақтайшалармен қапталған және стилобат гранит тақтасына сүйенген. Тұғырға қазақ және орыс тілдерінде жазылған ескерткіш тақта орнатылған: "Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) – ұлы қазақ педогогы, ағартушысы және ғалымы". Көрнекті қазақ педогогы мен ағартушысы оң қолында ашық кітапты ұстап, оны көрерменге бұрып тұр. Ы. Алтынсарин бейнесін мүсінші қарапайым, бірақ керемет етіп келтірген. Күшті, батыл, бірақ мейірімділікке толы адам өзінің тереңдігі мен байыптылығымен ерекше әсер қалдырады. Мүсіндік композицияның өзі Ыбырай Алтынсарин секілді қатаң және монументальды және ол өз халқына шабыт бергені мәңгілік ақиқат.
2010 жылы ескерткіш Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың ғимаратының басты кіреберісіне көшірілді. Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан ескерткіштері Санат:Қостанай облысы