Дәкен Шалабеков (15.7.1922 жыл, Қарағанды облысы, Нұра ауданы - 28.7.1958, Алматы) - әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты (1955).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Қарағанды оқытушылар институтын бітірген. 1943-1947 жылдары Нұра ауданы Қантай бастауыш мектебінде мұғалім, Қарағанды қаласында адвокат, Жамбыл атындағы №7 қазақ орта мектебінде оқытушы; Қарағанды мүғалімдер білімін жетілдіру институтының қазақ тілі мен әдебиет кабинетінің меңгерушісі, 1951-1958 жылдары тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.

"XIX ғасырдағы қазақ тарихи жырлары" атты зерттеуі "Қазақ әдебиеті тарихының" 1-томында (1960, 1- кітап) жарияланған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:15 шілдеде туғандар Санат:1922 жылы туғандар Санат:Нұра ауданында туғандар Санат:28 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1958 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әдебиеттанушылары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қарағанды оқытушылар институты түлектері Санат:Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері