Бәдел Тұрсынбаев (1 шілде 1905, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы - 14 тамыз, 1967, Алматы облысы, Жамбыл ауданы) - жазушы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1950).

Өмірбаяны Семей ауыл шаруашылық техникумын (1935) бітірген. ҚазҰПУ-ды (1957) бітірген. 1926 - 67 ж. ауылдық кеңес хатшысы, мұғалім Семей облысы "Екпінді" газетінің кызметкері, мектеп директоры. Шығармашылығы Тұңғыш кітабы - "Базар батыр" поэмасы 1942 ж. жарық көрді. "Бақытты балалық шақ" (1955) "Түлкі мен бақташы" (1959) "Қуыршақтар" (1959) "He қымбат?" (1961) "Біздің ауылдың жігіті" (1962) "Мақтаншақ қызылша жайлы хикая (1964) "Ауыл мұғалімі" (1967) Айнымас достар" (1971) т.б. Б.Тұрсынбаев өлеңдер мен әңгімелер жинақтары басылды. Шығармалары, көбінесе, балаларға арналған. Оның көптеген әңгімелері мектеп оқулықтарына енгізілген.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1 шілдеде туғандар Санат:1905 жылы туғандар Санат:Күршім ауданында туғандар Санат:14 тамызда қайтыс болғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) қайтыс болғандар Санат:Қазақстан балалары жазушылары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімдері