Александр Русланович Шмидт - (1949 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жаңа Семей ауданы Новопокровка селосы) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1973). Талдықорған және Семей облыстық телерадио кабинеттерінде істеген. 1981 - 84 жылдары "Жалын" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағында орыс поэзиясы жөніндегі әдеби кеңесші, "Жазушы" баспасында аға редактор болды.
Шығармалары: Земная ось. Стихи. Алма-Ата, 1980; Родство. Стихи. Алма-Ата, 1983.“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1949 жылы туғандар Санат:Бородулиха ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері