Өмірбай Сәуірбаев (17.9.1946, Түркістан облысы Түркістан қаласы - 10.9.1996) - ақын.
1962 жылы оныншы сыныпта оқып жүрген кезінде қатты сырқаттанып, бес жыл бойына төсек тартып жатқан. Осы кезден бастап өлең жаза бастайды. Мектепті де, Шымкент педагогика институтын да сырттай оқып бітірген. Түркістан ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, С.Ерубаев мұражайының директоры болып қызмет істеген.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:17 қыркүйекте туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Түркістанда туғандар Санат:10 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары