Шапай Қалмағамбетов (1890, Қостанай облысы Қарабалық ауданы - 1960, Ақтөбе қаласы) - ақын. Атақты Мергенбай (1836 - 1911) жыраудың қасына еріп, эпикалық дастандарды үйренген. "Қобыланды", "Ер Тарғын", "Алпамыс", "Қыз Жібек", "Құбығұл", т.б. көлемді жырларды жатқа білген. Қобыландының батыр ұлдары Киікбай, Бөгенбай туралы да Қалмағамбетовтен жазылып алынған. Ол ауыз әдебиетінің басқа да нұсқаларын жинаған. Өзі шығарған толғау-жырлар да бар. "Қобыланды" жырының нұсқасын 1939 жылы Орталық ғылыми кітапхана қорына жазып тапсырған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шапай Қалмағамбетов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.