Сағынгерей Зұлхаұлы Байменов - (15.2.1947 жылы туған, Астрахан облысы Володар ауданы Мултан селосы) - ақын, аудармашы. Мәскеу полиграфиялық институтін бітірген (1975).
1965 - 69 жылы мектепте мұғалім. 1968 - 72 жылы Батыс Сібір, Кавказда әскери тілші. 1972 - 74 Қарағанды телерадио редакторы. 1974 - 82 жылы "Ленинск смена" (қазіргі "Экспресс" газетінде әдеби қызметкер, бас меңгерушісі, редактордың орынбасары. 1982 - 84 жылы "Қазақстан" баспасының бас редакторының орынбасары, бас редакторы, 1984 - 88 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің нұсқаушысы, 1988 - 90 жылы "Ғылым" баспасының бас редакторы, 1990 - 2003 ж. "Ғылым" баспа-полиграфия бірлестігінің бас редакторы, директоры, қызметтерін атқарған. директоры. Онға жуық жыр жинақтары жарық көрген. Шалкиіз жыраудың жырларын, Ғ.Мустафин мен С.Имашевтің публицистик. шығармаларын орыс тіліне аударған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1947 жылы туғандар