Гүлсім Төлегенқызы Ақтамбердиева - 1956 жылы 3 қарашада Жамбыл облысында туған.
1978 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді бітірген, математик.
1978-85 жылдары - ҚазКСР Орман өнеркәсібі министрлігінің ОЖКТБ қатардағы және аға инженер-програмисі. 1985-95 жылдары - Қаз-МӘТУ ақпараттық технологиялар аға оқытушысы. 1995-97 жылдары - ЮСАИД-тың «Қазақстан мен Қырғызстандағы шағын жекешелендіру» жобасының бизнес-менеджері. 1996-97 жылдары - ЮСАИД-тың «Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстандағы бухгалтерлік есеп реформасы» жобасының кеңесшісі, топ жетекшісі. 1997 жылдан - «КАРАНА» корпорациясының Орталық Азия филиалының бас директоры; Дүниежүзілік Банкінің «Қазақстандағы зейнетақы реформасы» және «Тәжікстандағы жекешелендіру және жеке меншік секторының дамуы» жобалары жетекшісінің орынбасары. 2005 жылдан - «СТК2 Сеntral Аsіа» компаниясының директоры, негізін қалаушы.
Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. Біріккен Әлем колледждерінің қазақстандық іріктеуші комитетінің президенті.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер
Санат:3 қарашада туғандар Санат:1956 жылы туғандар Санат:Жамбыл облысында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ МӘТУ оқытушылары Санат:Қазақстан қаржыгерлері