Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова (15 мамыр 1965, Сұлу-Төбе ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысыГүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың өмірбаяны. www.parlam.kz) — мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі (2020—2022), облыс басқарған тұңғыш әйел әкім.Гүлшара Әбдіқалықова – Қазақстандағы облыс басқарған тұңғыш әйел әкім. kyzylorda-news.kz 15-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Өмірбаяны 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономист-сарапшы, Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас инспекторы қызметінен бастаған. 1995-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. 2003 - 2005 жж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2005 - 2006 жж. - "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы. 2006 - 2007 жж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007 - 2008 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы. 2008 - 2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2009 - 2012 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2012 - 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2013 - 2014 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары. 2014 - 2019 жж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. 2019 жылдың ақпанынан 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2019 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2019 жылы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі палатасы комитетінің төрайымы болып сайландыГүлшара Наушақызы Әбдіқалықова. www.parlam.kz. 2008-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылдың 28 наурызынан бастап Қызылорда облысы әкімі лауазымына тағайындалдыҚызылорда облысының әкімдігі. www.gov.kz. 2022 жылғы 7 сәуірде лауазымынан босатылды.

Наградалар «Астана" медалі (1998) "Ерен еңбегі үшін" медалі (2001) "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі (2005) "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалі (2008) "Парасат" ордені (2009) "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі (2015) "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалі (2015) "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалі (2016) "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалі (2018) Ресей Федерациясы Президентінің Құрмет грамотасы — ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшінРаспоряжение Президента Российской Федерации от 18 июня 2021 года № 159-рп «О поощрении». (2021)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан еңбек министрлері Санат:Қызылорда облысының әкімдері Санат:Қазақстан мемлекеттік хатшылары