Сергей Павлович Кульпин (12.9.1951 ж.т., Алматы қ.) — белгілі журналист, облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы. 1968 ж. Орал қаласындағы 40-орта мектепті, 1974 ж. ҚазМУ-ді бітірген. Еңбекжолын Алматы полиграфиялық комбинаты басу цехында (1968) жұмысшы ретінде бастаған. 1974 жылдан «Приуралье» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бас редактор. «Новаторский поиск» республикалық жинағында бірнеше туындылары жарияланған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар