Атымтай Ыбырайұлы Көшімбаев (1910, Қостанай облысы, Пресногорьков ауданы — 1977, Орал қ.) - ғалым. (1975). Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты (1954), профессор, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 ж. ҚазПИ-ді бітірген. 1932-37 ж. Қарашығанақ ауылындағы мектеп мүғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1938-50 ж. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының әдістемеші-инспекторы, ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1951-54 ж. Оралдағы мүғалімдердің білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі, Орал педагогикалық институтының аға оқытушысы. Көшімбаев республика жоғарғы оқу орындарында әдебиетті оқыту әдістемесі жөнінде алғашқы бағдарламаны және оқу құралын (1938) жазған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер