Орынбай Дайырбеков (1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылы) — ғалым. Медицина ғылымының докторы (1993), профессор (1996). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері (1990). Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Толығырақ Дулат тайпасының Жаныс руынан. Орынбай Дайырбеков 1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматы мемлекеттік медицина инистиутын бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы Ұлы отан соғысы мүгедектерінің республикалық госпиталінде дәрігер - рениматлог қызыметінен бастаған. 1971 - 1988 жылдары Қазақ емдік-тәжірибелік хирургия институтының кардиохирургия бөлімінде хирург-дәрігер, аспиранты, Алматы қаласындағы қалалық №4 ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері, Алматы облысы ауруханасының бас дәрігері, облысы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, клиник. және эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. институты директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды. 1999 - 2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры. қазіргі таңда А.Н. Сызғанов атындағы клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылми-зерттеу институты директоры лауазымында. Негізгі ғылыми еңбектері туа біткен жүрек ақауын анықтап, емдеу тәсілдерін қолдануға арналған. Ал ғылыми жұмыстары денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, мед. көмек сапасын көтеруге бағытталған.Қазақ Энциклопедиясы
Марапаттары 1990 - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері 1993 - Медицина ғылымының докторы 1996 - профессор 1998 - "Астана" медалі 2001 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігне 10 жыл" медалі 2002 - ҚР тұңғыш президентінің алғыс хаты 2004 - Құрмет ордені Парасат орденінің иегері Төле би ауданының құрметті азаматы Түркістан облысының құрметті азаматы Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігерлері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Түркістан облысының құрметті азаматтары Санат:Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы ректорлары