Далабай Керешев (1888, қаз. Атырау облысы, Тайсойған өңірі — 1987, Қаратөбе ауданы) — Қаратөбе өңіріне белгілі күйші.

10 жасынан Қошқар күйшіден домбыра тарту үйренген. Батыс Қазақстан аймағынан шыққан халық композиторларының шығармаларын шебер орындаған. Оның баласы Сәулебай да облысқа белгілі домбырашылардың бірі.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:1888 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Қаратөбе ауданында қайтыс болғандар Санат:Күйшілер