ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАУ — аумақты қайталанбайтын, бедердің жергілікті ерекшеліктерімен сипатталатын өзіндік аудандарға бөлу; климатқа, өсімдік жабынына, іргетастың құрылысы мен платформалық тысқа, қопсық жамылгының жатысына, адамдардың әрекетіне және т.б. байланысты. Геоморфологиялық аудандаудың мынадай таксонометриялық жүйесі ұсынылған: 1) провинциялар — негізінен тұтас геоқұрылымдық бірліктерге сәйкес келетін және бедердің жалпы сипатымен ерекшеленетін ірі аумақтар; 2) алқаптар — негізінен мезобедер ерекшеліктері бойынша бөлінеді; 3) аудандар — өзіндік ерекшеліктері бар аумақ бірліктері.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Қосымша Геоморфологиялық аудандау — Жер шарының бетін немесе қандай да бір аймақты бедердің сырт пішіні мен даму тарихы біршама біртекті болып келетін телімдерге бөлу. Геоморфологиялық аудандау кезінде физикалық-географиялық, геологиялық факторлар (климат, өсімдік, аумақтың тектоникалық активтілігі, тағы да басқалары) есепке алынады. Әдетте Геоморфологиялық аудандау әр деңгейдегі таксондарга (геморфологиялық провинция, атырап, аудан) бөлінетін көп сатылы болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Табиғат