Қонажанұлы Мұқан (1862 - 1937) — жырау, ақын. 12 ата Байұлына жататын тана руының жиембет атасынан шыққан. Атақты Жиембет жыраудың ұрпағы. Қазан революциясына дейін қазіргі Жаңақала, Жалпақтал аудандары ізіндегі аумақты мекендеген орыс, қалмақ байларының жалшылығында болған. Кейінде жергілікті халықтың қалауына орай ел аралап, жыр толғап, ән айтумен Мұқан жырау атанған. Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Шора, Қарасай-Қази, Орақ, Мамай, т.б. туралы батырлар жырын және Аралбай, Қашаған, Кердері Әубәкір, Махамбет өлендерін жатқа білген. Мұқанның ақындығы да болған. Ұлы Сағынғалиға қалдырған өсиеті мен нақыл шумақтары ел аузында сақталған («Мәдениет» газетінің 1993 жылғы 11 санында жарияланды). Мұқан бұрынғы И.Тайманұлы атындағы жылқы зауытына қарасты Қызылоба мекенінде жерленген.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мұқан Қонажанұлы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.