Ерлен Тоқтағалиұлы Жангельдин (1959 ж. 26 қарашада Алматы қаласында туған) - «Ұлттық процессинг орталығы» АҚ президент, экономика ғылымдарының кандидаты (1985). Білімі 1982 ж. С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист, саяси-экономия оқытушысы 1985 ж. КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын 1994 ж. Лондон университетін (Ұлыбритания) бітірген, қаржы магистрі. Өмірбаяны 1986-90 жж. - ҚазКСР СІМ баспасөз және ақпарат бөлімінің екінші хатшысы, хаттама бөлімінің екінші хатшысы, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бірінші хатшысы. 1990-91 жж. - ҚазКСР Министрлер кеңесінің Іс басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің жетекші маманы. 1991-92 жж. - ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының сыртқы байланыстар бөлімінің референті, аға референті, кеңесшісі. 1993-94 жж. - Лондон университетінің студенті. 1995-96 жж. - ЕҚҚЦБ банкирі (Лондон). 1997 ж. - «ТұранБанкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы, «Эксимбанк» ЖАҚ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары. 1998 ж. - «Global Kazkommerts» инвестициялық банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы. 1998-2000 жж. - «Орталық-Азия ынтымақтастық және даму банкі» ЖАҚ вице-президенті. 2000-03 жж. - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 2003-04 жж. - «Процессинг орталығы» ЖАҚ Басқарма төрағасы. 2004 жылдан - «Ұлттық процессинг орталығы» АҚ президенті. Ғылыми жұмыстары Халықаралық экономикалық қатынастар мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен жинақтардың авторы. Жеке қасиеттері Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Біліктілік». Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Адалдық және міндеттілік». Қазақстан қаржы аясына талдау: «Біздің болашағымыз жарқын, бірақ жолымыз иір-қиыр (Конфуций)».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер

Санат:26 қарашада туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері