Жекен Жұмаханов - 1913 жыл 5 желтоқсан Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Қарауылтөбе ауылы) - жазушы.

Өмірбаяны Жекен Жұмаханов- Семей педагогикалық техникумын бітірген. 1935 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірген. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында ұзақ жылдар меншікті тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Шығармашылығы Армия қатарынан 1946 жылы босап, қайтадан әдеби өмірге араласқан. Шығармаларына майдангерлер ерлігін арқау етті. Аудармалары Гогольдің «Рим» деген әңгімесі В.Орловтың «Батыл ой» деген кітабы М.Садовянудың «Митра Кокорь» повесі Морис Торездің «Халық ұлы» деген кітабын қазақшалады. Әңгіме-повестері орыс тілінде кітап боп шықты.

Өз кітаптары Солдат жолы. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1958; Әлия Молдағулқызы. А., ҚМКӘБ, 1959; Әлия (Майдан дәптерінен). А., ҚМКӘБ, 1958; Жазылмаған кітап. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Келін. Повесть А., ҚМКӘБ, 1960; Қаракөз қарындасым. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1962; Үш бәйтерек. Повестер. А., «Жазушы», 1965; Екі жол. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1966; Соқпақ соңы. Роман. А., «Жазушы», 1967; Адам тау қопарады. Очерк. А., «Қазақстан», 1967; Мен жұмысшымын. Повесть. А., «Жазушы», 1972; Қаракөз қарындасым. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979; Шұбартау таңы. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Махаббат пен мансап. Повесть. А., «Жалын», 1974; Қиядағы қайың. Повөстер. А., «Жазушы». 1974; Үш бәйтерек. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1989.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:5 желтоқсанда туғандар Санат:1913 жылы туғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары