Аспидтар () – 61 текті құраған 347 түр улы жыландардың үлкен тұқымдасыSearch results | The Reptile Database. Тұқымдастың аты грек сөзінен - "улы жылан" Книга:Пятиязычный словарь названий животных. Амфибии и рептилии. Тұқымдаста 2 үлкен тарап бар: Elapinae (кобралар, маржан жыландары т.б.) Hydrophiinae (теңіз жыландары).
Биологиялық сипаттамасы Аспидтердің барлық түрі улы (улы тісі жоғары жақ сүйегінің алдынғы жағында ), өзге тісіне қарағанда, улы тісі ірілеу. Аспидтердің түсі әр түрлі болады. Жер бетінде, ағаш басында тіршілік ететін түрлері (көзілдірікті жылан, мамба т.б.) қоңыр, құм түсті, ал ін қазатын ұсақ түрлері айқын түсті, сақина тәрізді қызыл, сары, қара дақты.
Аспидтер бақа, кесіртке және тышқан тәрізді сүт көректілерді қорек етеді, басқа түрге жататын улы емес жыландарды да жейді. Көпшілігі жұмыртқа салады, жұмыртқасын тірі туатын түрлері де бар.
Таралуы Аспидтер жер шарының (Еуропадан басқа) субтропик және тропик аймақтарында, әсіресе Аустралия мен Африкада көп таралған. Аустралияда (қара ехидна), оңтүстік Азияда (крайтер, пама), Африкада (көзілдірікті жылан, мамба), Америкада тек бір туысы (маржан Аспидтер) бар. Азияда 31 түрі кездеседі. Түркменстанның, Өзбекстанның оңтүстігінде және Тәжікстанның оңтүстік-батысында орта азиялық көзілдірікті жылан тіршілік етеді. Ұсақ тістілері адамға онша қауыпты емес.Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Тұқымдастың ішіндегі бөлінуі Elapinae тарабы: Aspidelaps Boulengerina Bungarus Calliophis Dendroaspis Elapsoidea Hemachatus Hemibungarus Homoroselaps Maticora Micruroides Micrurus Naja Ophiophagus Paranaja Pseudohaje Walterinnesia Hydrophiinae тарабы: Acalyptophis Acanthophis Aipysurus Aspidomorphus Astrotia Austrelaps Cacophis Demansia Denisonia Drysadalia Echiopsis Elapognathus Emydocephalus Enhydrina Ephalophis Furina Hemiaspis Hoplocephalus Hydrelaps Hydrophis Kerilia Kolphophis Lapemis Laticauda Loveridgelaps Micropechis Notechis Ogmodon Тайпандар (Oxyuranus) Parahydrophis Parapistocalamus Pelamis Praescutata Pseudechis Pseudonaja Rhinoplocephalus Salomonelaps Salomonelaps Simoselaps Suta Toxicocalamus Tropidechis Vermicella
Дереккөздер
Санат:Аспидтер Санат:Бауырымен жорғалаушылар