Әңгүдік— мінездегі ұнамсыз, жағымсыз сипат. Әңгүдік адамды әдетте даңғой, әулекі, әумесер деп те атайды. Оның мінез- құлқында аңқаулық, нанғыштық сияқты қасиеттер жиі байқалады. Әңгүдік ұрыншақ, елірме, әулекіліктің көріністерімен сипатталады. Әңгүдіктің бір көрінісі – әулекілік пен әумесерлік, бұл адамды еліртіп, есіртіп әкететін алаңғасарлық. Сондай-ақ аңқаулық пен нанғыштық басым: нанғыш, бейқам, қулығы аз мінез.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған – Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.-968 6.

Дереккөздер

Санат:Мінез-құлық