197 × 255px|нобай|оңға|Ахметов Өтен Өтен Ахметов - 1938 жыл 7 қараша Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт стансасы) - жазушы, драматург.
Өмірбаяны Еңбек жолын Жезқазған руднигінде шахтада бастаған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, Қарсақпай поселкесіндегі орта мектепте үш жыл ұстаздық қызмет атқарды. 1967 жылдан бастап ұзақ уақыт баспасөз саласында еңбек етті. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш қаласы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, Бас редакторы, Қарағанды облыстық телерадио-компания төрағасы республикалық «Азия-транзит» тәуелсіз саяси газетінің Бас редакторы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды. 2005 жылдан бері Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. «Жетісу» телеарнасында «Кешкі сұхбат» хабарын жүргізеді.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Шығармалары Прозада «Алыптың адымы» атты тұңғыш очерк кітабы 1968 жылы «Алда күн бар» атты алғашқы повесі 1973 жылы жарық көрді. Одан кейін «Адам болғым келеді» (1975) «Алтын арқау» повестері (1977) «Қоңыр үй» (1982) «Заңғар» (1988) «Адасқан ғасыр» (2007) «Қарқаралы аруы» (2008) романдары шықты. «Сырдария» кітапханасы сериясымен 2009 жылы таңдаулы прозаларының I томдығы жарық көрген. Сценарийлері «Қазақтелефильм» түсірген «Қарқаралы қыздары-ай» телевизиялық фильмі сценарийінің, Пьесалары «Темірқазық» «Студенттер» «Кенесары Наурызбай» «Желтоқсан ызғары» «Бағдаршам» «Құрыш пен қоңыз» пьесаларының авторы.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Жетістіктері «Құрыш пен қоңыз» әңгімесі үшін республикалық «Балдырған» журналының (1977) «Заңғар» романы үшін (1989) Қазақстан Магниткасы жұмысшы бәйгесінің лауреаты атанды. Республикалық телефестивальдерде бас жүлдені үш дүркін жеңіп алған. «Жас қазақ үні» газеті өткізген бәйгеде (2004) «Шақшақ шерілі» әңгімесі жыл үздігі атанған. «Уақыт кімді жақтағы?» көсемсөзі (2006) «Отбасы және денсаулық» журналының бас бәйгесін иеленген.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:7 қарашада туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан драматургтері