Өмірбаяны
Рысқалиев Молдағали — еңбек ардагері, республикалық «Арыс» қорының Батыс Қазақстан облысы бөлімшесінің жетекшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1988).
1966 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында оқыған. 1964 жылы СОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. 1955 жылы әскерден оралған соң Жаңақала ауданның Құлшыққұм ауылдық клубының меңгерушісі ретінде еңбек жолын бастады. 1956-1961 жылы аралығында Жаңақала ауданның және Орал облстық. комсомол комитетерінде нұсқаушы, 2-хатшы, сондай-ақ бөлім меңгерушісі болды. 1961-1974 жылы облыстық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1974-1980 жылы Қазақстан КП ОК-інде қызмет істеді. 1980-1982 жылы Орал облысын атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1982-1988 жылы Тайпақ ауданында партия комитетінің 1-хатшысы. 1988-1991 жылы Орал облысының теле-радио комитетін басқарды.
«Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар