Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимі - Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналатын кедендік режим.
Тауарлар еркін айналыс үшін шығару: 1) кедендік баждар және салықтар төленген; 2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған; 3) Кеден кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптар орындалған; 4) кедендік ресімдеу аяқталған жағдайларда шығарылады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң